Жамбыл мен Дина

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2509
Отырды олар көңілді көктемінде
Ой жіберіп алыс жыл, еткен күнге.
Тіл ұшына атаның келді бір сөз
Қарт әжеге қарап жалт еткенінде:
— «Алатаудан жас төгіп бұлт көшсе,
Теңейтін кез қызға оны түседі еске.
Күн жасартып болғанда мен бозбала,
Он жақтағы уыз қыз сіз емес пе?
Тіл ұмытып кетіпті сөзді «қартаң».
Жыр айтсам да дәл қазір жігітті айтам.
Көңілімді нұр самал алды желпіп
Оң діземді баса отыр, Дина қалқам».
Әжем сол кез жымиып тыңдап қапты.
Домбырада күй кетті ойнап тәтті.
Қос кеудеден лезде қатар самғап,
Туып жатты жыр мен күй «Жастық» атты.
Отырды олар көңілдің көктемінде
Ой жіберіп алыс жыл, өткен күнге.
Екі оралған жастықтың ең алғашқы
Жыр мен күйі кең тарап кетті өмірге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбыл мен Дина өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Жамбыл мен Дина өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жамбыл мен Дина өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамбыл мен Дина өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар