Тоқта, ботам
Бұл бетте «Тоқта, ботам» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 25.04.2015
- 2
- 8
- 76497
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға.
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын
Айырбастап ала алмай жүр алтынға.
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда,
Жастық дейтін көктеменің шағында,
Өскен едік сенің анаң екеуміз
Осы қарттың мәпелеген бағында.
Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,
Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін.
Жинап алып жүрер еді жарықтық
Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.
Ей, болашақ!
Қарт келеді зиялы,
Кейімесін ата-қыран ұялы.
Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін,
Атаң саған ұзақ өмірін қияды.
Ақылына айырбаста күлкіңді,
Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?!
Бейқам күліп өспеген соң өз басым,
Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі...
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда.
Дария шалқар даналығын ал, тыңда!
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалып
Айырбастап таба алмай жүр алтынға.
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!
Өлендері тамаша
Керемет өлеңдер
Маған Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері қатты ұнайды. Өлеңдері өте күшті
Мұқағали атамыздын өлеңдері өте тамаша!
өте тамаша
кто может перевести стих или сказать где можно посмотреть на русском. кім орысша мән бере алады? немесе қысқаша айту алады оңай тіліңде
Мұқағали Мақатаевтың Тоқта, ботам өлеңі ұнады
Ох, қысқа болса да мағынасы ауыр жыр екен. «Тоқта, ботам» – бұл тек сөз емес, адамға ой салып, көңілмен ойлануға тұрарлық дүние. Шынайы сезімдер жүрекке сол баяғы жақын.