Ақындар күнінде

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1515
Жүрегімнен тұңғыш ұшқан қарлығаш,
Аспанымда әдемі ізің қалды, рас.
Бір жыл болды, хабарың жоқ, қайдасың,
Басты сені көкірегіне қай құрдас?
Таба алмадым, бірінде жоқ бұл маңның,
Әрі ренжіп, әрі шат боп қуандым.
Ренжимін жатыр ма деп тығылып,
Қуанамын сәт бастым деп бір адым.
Жоқ, әйтеуір, біле алмадым хабарын,
Қадірлісі - ай іштен шыққан баланың!
Кеш, оқушым, айтар ма деп бірер сөз,
Жүздеріне үміттенген қарадым.
Өгей өлең өз жүрегін суытқан
Көзі бар ма көп жүрегін жылытқан?
«Құрдасымның» кемшілігін бүркеме.
Ақынмын деп жыр жазайын шыныққан.
Ақынсың деп сен айтар бол мақтанмен,
Бар ойынды ішке бүкпей, ақтар кең!
Мен сендерсіз бола алмаймын еш ақын
Ақынмын деп өз кеудемді қаққанмен.
Ақындықтың азап, шаттық - бар жүгін,
Көтермек боп шықтым жолға, ал, бүгін.
Өкінбеймін өзім отсыз қалдым деп,
Мың жүрекке тарап жатса жалыным.

1956 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындар күнінде өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ақындар күнінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақындар күнінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындар күнінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері