Қала қақпасы – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қала қақпасы» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1516
Қаланың күтіп қақпасын
Тұратын халық шұбалып.
Жадағай көпір тақтасын
Олжалап қашып, су алып.
«Оп-оңай менен өтпес, — деп,
Жолаушы келсе шалғайдан!»
Төменде Тобыл кес-кестеп,
Биікте қала шалқайған.
Сан машина заулаған
Көрем қазір көпірді.
Екі иықты жалғаған
Мойын омыртқа секілді.
Мың тарау жолды қолына ап,
Кеңейтіп пейіл, тынысын.
Қостанай тұр қабылдап
Қойнындағы ырысын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері