Сарбай

Бұл бетте «Сарбай» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1217
Арасы қырық шақырым,
Алыста Тобыл тулайтын.
Арбамен жүріп ақырын
Жолаушы кеште құлайтын.
Қостанай көгі тарқатпай
Тұрғанда оның түтінін.
Паровоз жолда дем тартпай,
Басады мұнда ентігін.
Қала да жап-жас, қарқын жас,
Қайнатып жатыр өмірді.
Туған жер қоры сарқылмас,
Суырса қанша темірді.
Келеді өсіп бір алып,
Темірдей берік бір қала.
Комбинат даусын шығарып,
Жаңғырығып тұр дала.
Барады Сарбай өркендеп
«Қала едім көне, талайғы,
Қосылып кетер ме екен? — деп
Қостанай жалт-жалт қарайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарбай өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сарбай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарбай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарбай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері