Сағат – Жәди Шәкенұлы

Бұл бетте «Сағат» атты Жәди Шәкенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1069
Сағатымыз дөңгелек,
Жүгіретін үш тіл бар.
Таң атқанда не керек,
Қоңыраудай күшті үн бар.
Қысқа тілі тым жалқау,
Білінбейді сыбысы.
Ортаншысы самарқау,
Шықпайды оның дыбысы.
Ал кішісі тентектеу,
Сырт-сырт етіп жүгірер.
Болмасақ біз елпектеу,
Түріміз жоқ үлгерер.
Ұйықтасақ та бырылдап,
Біз тыңдаймыз сағатты.
Таң атпастан шырылдап,
Еске салар сабақты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері