Молдаларға – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Молдаларға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 1
  • 2229
Мен, өзім - мұсылманмын, қолым - Алла!
"Қалай?" - деп, халыққа көрсет, қолыңа ал да.
Баласы мұсылманның бола қойсаң,
Мұнымды "өтірік" деп ойыңа алма!
Айтсам да асылық сөз былайынша,
Күймеймін дозағыңа осы халда!
Молдалар, бұл сөзіме сенбесеңдер,
Ант ішем расына "Олла-біллә!".
Әулеті Кіші жүздің, Кете – руы
Айтушы - Тұрмағамбет деген молда!

1906


Пікірлер (1)

Arnaz

Супер

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері