Сымбатты сұлу – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Сымбатты сұлу» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4193
Мысалы көзің - гауһар, маржан - тісің,
Күндей-ақ шығып келе жатқан түсің.
Сүмбіл шаш, сұңқар мойның, пісте мұрын,
Иілген берді Алла айдай пішін.
Уылжып өне бойы отырасың,
Асылдай ұстағанда бір-ақ қысым.
Күмістей сымға тартқан саусақтарың,
Сүйріктей аудан шыққан бәрі мүсін.
Қиғаш қас, оймақ ауыз, ақық ерін,
Көргеннің көркің кетер өртеп ішін.
Арманым асылында бар дей алмас,
Жанында өткерген жан, жаз бен қысын.
Қиялым қатарыңнан қалмай кейін,
Асылға ауыр баға қолыңды ұсын!
Жер соғып қалайда да қалмаушы еді,
Бабында болып тұрса ұшқан құсың.
Аңыңды ала ма екен аңғар да тұр,
Сал-дағы солай қарай көздің ұшын.
Естіден еткен үміт еш болмайды,
Ұнарлық ұзақ болар етер ісің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сымбатты сұлу өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Сымбатты сұлу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сымбатты сұлу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сымбатты сұлу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері