Бұл бетте «Құрдасына» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Соғып бер, сөзді қой да, маған шаппа,
Соқпасқа сылтауратып, дәлел таппа!
Шебердің, қалайда да, қолы ортақ,
Кіржиіп, кірпігіңмен көзің жаппа.
Тұратын қайрамайық қылды қауып,
Орасан өткір болсын, өте тапта.
Көргендер кім соқты деп сұқтанатын,
Нақышы неше түрлі болсын сапта.
Құрбымнан өзіңе ұқсас құр кетпеймін,
Кешеуілдеп кеткенменен екі-үш апта.
Деп құрбың Тұрмағамбет қолын қойды,
Әшейін демесін деп айтқан кәпта.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі