Бұл бетте «Құлпы қызға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.05.2019
0
0
2254
Нағыз асыл дүр едің,
Жәннаттың ғайни һүрі едің.
Қиядағы сен сұңқар,
Қол жетпес жерде жүр едің.
Алтын, гауһар, шамшырақ,
Жарқыраған нұр едің.
Рамбағы кең сарай,
Бағулы жерде тұр едің.
Жылжыған сен бір жорғадай,
Мың теңгелік құр едің.
Мысалы тасқан дариядай,
Белгілі жерді шіредің.
Зылиха менен Ләйлінің,
Заманында бірі едің.
Талпынған талапкерлердің,
Көкірегінен тіредің
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі