Бұл бетте «Айдарбайға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалынып, жазып маған сөз бер дейсің,
Қиялды қызғылықты өзгер дейсің.
Зейілім сөзден шығып кетті десем,
Боғыңды еріндің, - деп, езгендейсің.
Басында балалықтың барда дәуірі,
Ешкімнің абыройын көзденбейсің.
Жағдайсыз жазған сөзім бола қойса,
Ағаңды ақымақ болып безгендейсің.
Атымын айтқан сөздің аңғаруға,
Татаусыз таразымен безбендейсің.
Қолайлы қиял сөздер қамданайын,
Деміңді ал демей-ақ, тез бер дейсің.
1910
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі