Қуандария болысы Көшекке айтқаны – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Қуандария болысы Көшекке айтқаны» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2381
Жүрмісің сау саламат, інім Көшек,
Ер едің ел билеген, ермей өсек.
Тапсырған жұмысыңды жөндеместен,
Жоқ болды Өмірұзақ деген есек.
Өзіңмен ойласуға келе жатырмын,
Болады бұл туралы қалай десек?
Артынан алдыңғы арбаның еріп кетіп,
Өзің де асып жүрме Аламесек.
Ауырлап айтқанымды көрген жоқ еді,
Жетіру, Байдың ұлы, Қаракесек.
Кеуліңе келе қойса қолдасармыз,
Ағаңның иегі - жастық, төсі - төсек.
Және әуре Жәрекені ете қойсаң,
"Күң, - деймін, - кеуіл жықпас, көп күлешек".
Жүрсіндер жүрген жерді жасартам деп,
Бұлттай бәһәрдағы күркіресек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуандария болысы Көшекке айтқаны өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Қуандария болысы Көшекке айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуандария болысы Көшекке айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуандария болысы Көшекке айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері