Салдырып жай жаңадан
Бұл бетте «Салдырып жай жаңадан» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Салдырып жай жаңадан,
Сұлулап, сырлап, ақтапты.
Керегіңді түгендеп,
Келтіріп Кеңес тоқтапты.
"Кемісі жоқ" деп көргеннің,
Барлығы да мақтапты.
Әр қайсыңды ардақтап,
Оңаша қойып сақтапты.
Осы еңбегін еш қылып,
Етпеңдер ішін сатпақты.
Қарындашпен қаралап,
Салмандар сызып шатпақты.
Тақтайды лас етпеңдер,
Кешіп келіп батпақты.
Тартып болып шылымды,
Әдет ете көрмеңдер,
Бет алдына атпақты.
Және-дағы жай келіп,
Үйге барып ертерек,
Ойламаңдар жатпақты.
Жалқаулық жөнін жойыңдар,
Жүрмесеңдер ойланып,
Үстіңе ұят артпақты.
1917
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі