Жиенбай жыраудың баласы Рүстембекке – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Жиенбай жыраудың баласы Рүстембекке» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2444
Жерінді сұра шырақтанымаған,
Қиял сөз қиын емес әлі маған.
Атақты Алла берген байларға ұят,
Қоңсысы қасындағы жарымаған.
Әнің үшін әпсанамды аямаймын,
Дей қойсаң, мынау бір кеп, дәрі маған.
Қырық рет қысқа күнде шабылғанмен,
Тұлпардың тұқымы едің арымаған.
Озғай деп өз табынан атасындай,
Тілектес қай уақытта ғаріп ағаң.

1925.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері