Он жылдық Октябрьдің еттік тойын – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Он жылдық Октябрьдің еттік тойын» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1366
Он жылдық Октябрьдің еттік тойын,
Екпіні еріткендей тас пен шойын.
Құттықтап қатын, еркек қалмай келіп,
Тамаша таң қаларлық болды ойын.
Жиналып жалшы біткен ту астына,
Қуанып құрметіне ашты қойын.
Бай-құлақ, сопылардың сұры кетіп,
Бұғысты, көрсете алмай көпке бойын.
Тұрғанда большевиктің бақыты өрлеп,
Бұра алмас бұйрығынан ешкім мойын.
Бадырақ, кедей, дихан басың қосып,
Осы алған құтты болсын абыройың.

1927.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері