Зейнепке – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Зейнепке» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2201
(Әзіл сөз)

Әһуалап, андатып ем Зейнеп масқа,
Құмай көз, оймақ ауыз, қиғаш қасқа.
Отырмын сұлу қызға сәлем жолдап,
Тезірек жеткіз, інім, сүмбіл шашқа.
Сәлем хат жанабыңа жаздым шырақ,
Бөһәз дүр пәһәм айлап салғын құлақ.
Жамал бар, әм кәмәл бар, әм парасат,
Жаратқан Хақ бейнеңді артығырақ.
Күлшақай інім едің заманың бір,
Берген Хақ парасат пен артықша нұр.
Сыпатың жәннаттегі һүр мысалдас,
Өзіңсің жәһандағы жайнаған гүл.
Бала едің орындағы ей, асыл зат,
Гауһарсың көз қызығар нарқы қымбат.
Құмай көз, оймақ ауыз, жазық маңдай,
Қыпша бел, алма мойын, артық сымбат.

1934.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері