Сусындап саясатқа алғанымша
Бұл бетте «Сусындап саясатқа алғанымша» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Оңғарып осы еткен сапарымды,
Қуандыр мен сияқты қапалыңды!
Ой көзін осы кезде кірбің басын,
Жас, шіркін, елу үшке тақалынды.
"Осыған қадір-құрмет қайда?" дейді
Көнерген көріп дұшпан шапанымды.
"Не пайда Кеңес мұнан көред?" дейді,
Ағарған көріп мұрт пен сақалымды.
Дұшпанның ол сөзіне олжа қылмай
Тыңдаулы ет, айтқан қиял, мақалымды.
Ұнамсыз өлеңдерім бола қойса,
Ұрыспа: "Тап, - деп, - атамекеніңді!"
Сусындап саясатқа алғанымша
Жүріңдер сүйеп біздей нәкәріңді!
1934.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі