Ақ қайың – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақ қайың» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2204
Өзіңе таныс баяғы қайың,
Сарғайып күзде тұрады дәйім.
Дариға, сол бір ғажайып күндер,
Елес пе еді, білмеймін, айым.

Қайырмасы:
Сарғайды қайың, сарғайдым менде,
Жұлдыздай алыс ұзадың сенде.

Саған да ыстық осы бір қайың,
Ұмытқан жоқсың, білемін, айым.
Сүйіскен жастар жат бола берсе,
Осыдан өткен болар ма айым.

Қайырмасы:
Қайың да жалғыз, жалғызбын мен де,
Ғашық боп неге өтеді пенде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері