Бұл бетте «Шынарым» атты Шәмші Қалдаяқов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Даланың гүлдері шешек жарған
Өзіңді аңсатып барады
Көктемдей жайнайды асыл арман
Дел-сал ғып самалдың шарабы
Өмірдің сәні не сен болмасаң
Әнім боп шырқайсың сен қашан
Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Аяулым қыз боп сен тумасаң
Алтын таң ағарып атпастай
Аяулым күлімдеп сен тұрмасаң
Аққу да сыңарын таппастай
Өмірдің сәні не сен болмасаң
Әнім боп шырқайсың сен қашан
Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Қаздарда барады қосақтанып
Қарлығаш қуалап сыңарын
Билейді гүлдер де шашақтанып
Қайдасың сен менің шынарым
Өмірдің сәні не сен болмасаң
Әнім боп шырқайсың сен қашан
Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі