Мінәжат – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Мінәжат» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1145
…Үһілемеші бейуақта.
Әр сөз – әмір.
Ауыр.
Қорғасын!
Тәңір кешірмейді,
Кешпейді Тәңір,
Жауапсыз аққан көз жасын!

…Неге?!
Неліктен өзіңді қарғайсың?
Ұрлатқандай бабаңның бағзы мұрасын.
Ескі бәйіттерді
мың қайтара ақтарсаң да кезіктіре алмайсың,
Рухыңның дал-дұл болған дұғасын!

Өмір –
бар болғаны бір шумақ ақ өлең,
Өзің қоясың нүктесі мен үтірін.
…Алдыңда тұрған не қасқайып?
Тілсіз қара Емен!…

…………………………………………..

Тыңдашы, жүрегіңнің лүпілін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері