Байып қалдым, қиялға да жарыдым – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Байып қалдым, қиялға да жарыдым» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 1
  • 3321
Байып қалдым, қиялға да жарыдым,
бәрібір сол тарқамады бір құмар.
Біреу менің, мен біреудің жарымын –
Не жөнім бар мұны сізге сыр қылар?

Қай жүйрікті жаяу қуып жетемін,
Маған өмір босағасы тиіпті.
Сүйем деймін, сүю менің не теңім,
Өзім бола алмаған соң сүйікті!


Пікірлер (1)

Медина

Күшті екен,әрі оңай

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері