Салқындап саясында самал-көлдің – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Салқындап саясында самал-көлдің» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5935
Салқындап саясында самал-көлдің,
Бұла өскен баяғыдан балаң менмін.
Сіміре саумалыңды, бұл жолы да,
Сабылып, сағымды өлке, саған келдім.

Тағы да топырағыңда жаңарды ізім,
Сен десем бал-бұл жайнап жанар жүзім.
Бір пейіл,
Бір ықылас – қолда бары,
Әкелген базарлығым – сол болады.

...Тікенге балтырымды талатып ем,
Ал қазір дала барқыт, дала – кілем.
Кетіп ем сол даладан шыбық мініп,
Оралдым бір талаптың қанатымен.

Сырым бар тереңімде көрінбеген,
Жырым бар шебер қолмен өрілмеген.
Әйтеуір біреуімін көп балаңның
Өзіңді елім деген, жерім деген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері