Бұл бетте «Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ,
Шұлғиды алқап әлдекімді қуаттап.
Жайрап жатты осынау ұлы дүние
Кіп-кішкентай күн көзіне шуақтап.
Жолдың түгел ашылуын күтпелік:
Секір, толқын, шың, басынан тік келіп!
Дәл қосымда еміс-еміс сыбдыр бар,
Жанбасымда шалғын жатыр бүктеліп.
Мен де титтей бір шыбық боп көктедім.
Көктем, көктем, өлеңімді төк менің!
Мойындамай Алатау тұр жалғыз-ақ
Баурындағы Алматының көктемін.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі