Ұшқыр болсаң, қара бұлт

Бұл бетте «Ұшқыр болсаң, қара бұлт» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2656
Ұшқыр болсаң, қара бұлт,
Шың қабағын баспас ең!
Көк төсінде жаралып
Қалай қондың тасқа сен?

Қайсар десе сенем бе,
Ұялмайсың жылаудан.
Ірмелесің төбемде
Керуендей жүгі ауған.

Жүргізіп жел әмірін
Қойныңа енді кеуледі.
Берді-ау саған әуелден
Жүрегі жоқ кеудені!

Аттай алмай тау-қырдан
Шүйіліп кеп төнесің.
Өзің қашып дауылдан
Кімді қуып келесің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшқыр болсаң, қара бұлт өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Ұшқыр болсаң, қара бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшқыр болсаң, қара бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшқыр болсаң, қара бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері