Түн. Тымырсық, тымық түн – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Түн. Тымырсық, тымық түн» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2703
Түн. Тымырсық, тымық түн,
Сыбдырға – сырына құнықтым.
Шайқаған талдың жас бұтағын,
Самалын, самалын жұтамын.
О, менің көкірек-көздерім,
Қанша ауа жұттым мен – сезбедім.
Дірілдеп алады түн демін,
Түн демі – өз демім.
Тымық түн, қалқыса ай көктен,
Қарауды ұнатам әйнектен.

Түн. Айлы түн, тымық түн,
Өзіңе аз ұқсап туыппын!
Ұнайды-ау, ұнайды түнгі ызғар,
Түнгі ызғар туады жұлдыздар.
Жұлдыздар аспанда жайылар,
Ортада ақ марал айы бар.
Түнгі аспан түр берер өлеңге,
Тұр, солай тамылжып төбемде.
Аспанға қызыққыш көңілдер
Түспесін төменге.

Түн! Менде де жұлдыз бар, ол – үміт,
Сәулелер қалады жолығып.
Менде де арман бар, айым бар –
Қараңғы атаулы, тайыңдар!
Тайыңдар, тайыңдар, тайыңдар,–
Менің де жұлдызым, айым бар!
Ал, бірақ шынына келгенде,
Жұлдызым көкте емес, кеудемде –
(Ой-толқын, малтиды айым да),
Міне, осы біздегі айырма.

Түн. Ашық түн, тымық түн,
Өзіңе көп ұқсап туыппын.
Туыппын сол түнде, ұқсаң, ал
Мен саған бүтіндей ұқсағам.
Түн! Сен менің тынысым –
Туған жер түнісің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн. Тымырсық, тымық түн өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Түн. Тымырсық, тымық түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн. Тымырсық, тымық түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн. Тымырсық, тымық түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері