Айышқа
Бұл бетте «Айышқа» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақылым айтатұғын келін Айыш,
Құрметтеп қатарыңды талдай майыс.
Ақылы ажарымен тең болмаған,
Әйелдер аңлауымда илі қайыс.
Кеседен келсе қонақ қол қусырып,
Иіліп сәлем беріп деп тұр: "Шәй іш!"
Қалайда "Халық сыйлаған қалы қалмайды",
Селтимей серігіңнің себін жайыс.
Осындай үгіт айтсам ұнатпайды,
Өз-өзін опалаған өңшең дәйіс.
Ер болсын, әйел болсын ақымақтардың,
Басынан бір сағатта-ақ бақыт тайыс.
1935.
Амир
Оте күшті