Жауапсыз қалса да хаттарым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1425
Жауапсыз қалса да хаттарым,
Атыңды құрандай жаттадым.
Нұр шашқан жүзіңе ынтығып,
Құмарлық қақпасын аттадым.
Өзіңсіз өмірден жерідім,
Жаныма жоласаң ерідім.
Кәлима қайталай беремін,
Болсаң деп өмірлік серігім.
Жауапсыз тұрса да сұрақтар,
Түрім жоқ сенен еш жырақтар.
Басыма бұйырған бақытсың,
Мейлі сен жүз қызға ұнап қал.
Ерініңнің отымен өртедің,
Сезімнің емес бұл селтеңі.
Өзіңді сүйерім ақиқат,
Ертегі болса да ертеңім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауапсыз қалса да хаттарым өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жауапсыз қалса да хаттарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жауапсыз қалса да хаттарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауапсыз қалса да хаттарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері