Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2401
Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге,
Бітірмеген істерім бастан да асар.
Өмір қысқа жетпейді бес күнге де,
Мүсінші аға арманын тастан қашар.
Ақын қосып үмітін жырларына,
Бір жазушы аяқтап әңгімесін.
Тұрағы жоқ тірліктің тұрлауында,
Көк тұманның тілегін жан білмесін.
Ұшқыш мұңын аспанға ақтарғанда,
Тәліб біткен асығып сабағына,
Теңізшіден теңізде бақ тайғанда,
Шағаланың шер тұнып қабағына.
Зыпылдайды саудагер ақша санап,
Мұғалімнің тентек боп оқушысы.
Көкірекке кей арман — жақса талап,
Ізгі ойлардың үміттер — тоқушысы.
Мен жүремін мақсатым мұнар болып,
Сынған айна келбеті күндерімнің.
Бар енерім көзге жас тұнар толып,
Шығар-шықпас мәніндей түндерімнің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері