Күбірлеп сырласам да – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Күбірлеп сырласам да» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Дәулетбек арлы ақының келеді деп,
Жыр жазып толғанып ем дерегі көп.
Бөлінген жүрегімнің Протоны –
Өмірге қосылуда өлең үдеп.
Кезім жоқ айналама жәй қараған,
Алдымнан қарсы алады майдан-алаң.
Бұйрығын періштенің тыңдаймын да,
Ойларды жұлдыз бен күн, айдан алам.
Кәусар деп қос қолына у ұстаған,
Санама енсе сайтан қуып салам!
Жолымнан адастырып айнытпақшы,
Алланың ақ нұрына жуықтасам.
Ой алсам Алла айтқызған Періштеден,
Атымды өрге бұрам еңістеген.
Аралап бау-бақшасын тіршіліктің,
Жететін ақыретке жеміс терем.
Ғасырдың екпіні зор, сұсы қатты,
Ызғарлы қабырғаға қысы батты.
Күйдіріп аптабы да аямайды,
Шүмектеп тер құйылып, пысынатты.
Дәл солай көріп келем, біліп келем,
Тазалық – Пырағымды мініп берен.
Күбірлеп сырласам да Періштемен,
Ойымды жинақтаймын бірікпеген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күбірлеп сырласам да өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Күбірлеп сырласам да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күбірлеп сырласам да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күбірлеп сырласам да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері