Кешір мені, Алматы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1555
Кешір мені, Алматы.
Кей шақтарда жаншылып жаным мүлде,
Тек мұңменен атқандай таңым күнде.
Егізімдей бауырды сағынғанда,
Теңізімді, ауылды сағынғанда
Өлеңіммен жеткізсем шағым елге.
Кей кештерде өмірден түңілгенде,
Келбетіме бар әлем үңілгендей.
Айдалада адасып анашымнан,
Шашым сипар табылмай жанашыр жан
Кешіккенде шабыт та күйім келмей.
Туған жерге қыз түгіл, шабақ та асық,
Өкініш пен өтініш сабақтасып,
Мен өзіңде өзімді өгей көріп,
Мінезімді мазасыз сөге беріп,
Жылағанда жаңбырмен қабаттасып.
Кешір мені, Алматы.
Сезім сатты, бөлді де таңғы ұйқымды.
Сенде тауып, жоғалтып мен күлкімді.
Жастығымды өткіздім елден жырақ
Өкпелеткен сен емес, пендең бірақ.
Кешір мені, Алматы, ең сүйкімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешір мені, Алматы өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Кешір мені, Алматы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Кешір мені, Алматы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешір мені, Алматы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері