Бұл бетте «Мені өлердей сүйесіз» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн күледі, тілегі оның төзімсіз,
Менің нәзік күлкімсіз.
Бәрібір де менің күлкім, көзімсіз
Сіздің өмір сүйкімсіз.
Суық күндер тұрып алды малданып,
Өз дегенін қылар қыс.
Тіршіліктің тәттісіне алданып,
Сосын қайта жыларсыз.
Таң атады, сосын жылдам кеш келіп,
Жалқау тұман жайлайды.
Менмендіктің машақатын ескеріп,
Тәңір бақты байлайды.
Жүргенменен бақытты боп өтірік,
Сағыныштан ауырсыз.
Қарт Каспийдің толқындары өкіріп,
Шағаласы сабырсыз.
Ойларыңыз орын таппай қаңғырып,
Арман-мақсат жүйесіз.
Жүргеніңіз бозбаладай мәңгіріп,
Мені өлердей сүйесіз.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі