Сүйгім келген – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сүйгім келген» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1613
Шағынатын шық таппай жүремін мен
Арманым мен үмітім бір күнде өлген.
О, тәңірім, періште жүрегіммен
Сенгім келген, сонан соң сүйгім келген.
Сенгім келген сезімнің ақтығына,
Алматының жұлдызды аспанына.
Ол мәз болып тәндердің шаттығына
«Сүйем» деді мені ме, басқаны ма?
Мені ойлады, басқаны құшып, күліп,
Өзін сосын алдады өзгелерді.
Уақыттың шыдамы ұшып тұрып,
Көктемдер де көңілсіз кезге келді.
Тәтті түстің түріне қанбас көңіл,
Аңызақ боп адасып күлкім желмен.
О, тәңірім, бұл неткен маубас өмір?!
Мен біреуді мәңгілік сүйгім келген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйгім келген өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сүйгім келген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйгім келген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйгім келген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері