Бәрі сенің қолыңда
Бұл бетте «Бәрі сенің қолыңда» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шырынына шабыттың жұбанғаным,
Дүниенің сиқырын ұға алмадым,
Бәрі сенің қолыңда білесің бе
Өлеңім де, күлгенім, қуанғаным.
Медет тұтып әлі де ақ таң барын,
Ұшты-күйлі бақты іздеп аттанғаным,
Бәрі сенің қолыңда, неге екені
Сүрінгенім, сынғаным, құлағаным.
Сен бар жерде қиялдың күшті күні,
Сенсіз іңкәр көңілдің ұшты гүлі.
Мен күніңе айналсам, қайран қалма.
Ол сүйікті Алланың күштілігі.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі