Өлең, жыр, ақындар

Өмір

  • 05.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2205
Өмір бейне қызыл гүл
Қызарад та солады.
Өмірде адам тұрғанда
Түбі өлместей болады.
Түбі өлместей болса егер
Өлім кеп неге табады?
Өлім келіп тапса егер,
Өмірге, зұлым қабірге
Неге адам барады?
Неге өлім кеп табады?
Ақ жүзіңді жасырып,
Жермен неге жабады?
Өлімге жау өмір де
Ала көзбен қарады.
Қызыл гүлдей жайнаған
Гүл-бәйшешек жас өмір,
Тоқтамай соққан от жүрек
Неге сөніп қалады?
Айға шапқан жас көңіл,
Өмір сүйген жас жаның,
Аз уақыт өтпей-ақ,
Тып-тыныш неге болады?
Жебірейіл, періште
Осы күнде жоқ болды.
Кім күліп жанды алады
Өмірге терең көз салсаң:
Қарт та өтіп барады,
Жас та өтіп барады,
Күлкісі күнге шағылған,
Қайғыдан, сірә, айрылған,
Көлден ұшқан аққудай
Сұлу да өтіп барады.
Тұлпар мініп, ту алған
Жігіт те өтіп барады.
Сабағынан үзіліп,
Жерге түскен алмадай
Жас қыршын өтіп барады.
Кезегімен адамзат
Күні біткен сағатта
Кезекпен кетіп барады
Ауыз салған адамға
Қабырға тартқан жетелеп,
Сұм еліммен алысар,
Болмай қару-жарағы.
Жоқ, болмайды, мен өлмен,
Өшпес менде өмір бар.
Өлім мен өмір күресте
Өлімді өмір жеңе алар.
Біз алмастай қамал жоқ
Дүлей дауыл соқса да,
Біз жеңбестей еш күш жоқ
Алысса да, атса да.
Адамға қарсы келгені күш
Кейін қарай серпілер
Миллион батпан басса да.
Батыр елдің мен ұлы
Күңіренткен дұшпанын,
Алыспақ болған жауыздың
Күлінің көргем ұшқанын.
Ажалға қарсы ғылым мен
Қаламымды ұштадым.
Кел, қане, өлім, кел бері!
Алысайық жекпе-жек.
Кім деп тұрсың сен мені?
Алмақпысың менен кек?
Мен арыстан ұрпағы,
Түсін мені басқаша
СССР - дің ұлы деп.
Дүниеде жеңбеген
Дұшпаным менің кем де кем.
Қалған жалғыз сен ғана,
Сені де жеңем басқадай
Айқассаң егер маған кеп,
Сені де ертең жеңемін,
Сонда өзің көрерсің
Көрерсің де айтарсың:
«Дүниеде өлім жоқ,
Түбіме жетті өмір!» — деп.

1940 ж. ноябрь, Москва.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құтты қонақ

  • 0
  • 0

Домалақ жер шарымен
Шыркөбелек айналып,
Келе жатты қарт адам
Қолында айна толғанып.

Толық

Атам жатыр мавзолейде

  • 0
  • 0

Атам жатыр мавзолейде,
Мавзолейдің төрінде,
Мәңгі ұйқыда жатыр Ленин,
Нұрын сеуіп өмірге.

Толық

Ер жеткенде

  • 0
  • 0

Ер жеткенде есейіп,
Ер болмасқа немене!
Ерке өсіп, білімді
Кен болмасқа немене!

Толық

Қарап көріңіз