Дүние бір сәттік – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дүние бір сәттік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 755
Бір қолымды
Каспийге малып,
Бір қолымды
Зайсанға салып,
Сарыарқада шалқайып
Жатыр ем;
Бір Алатауға қарап,
Бір Қаратауға қарап,
Бір Маңғыстауға қарап,
Бір Көкшетауға қарап
Қиялға батып ем...
Кенет,
Әп-сәтте
Ісініп тұрғандардың
Жіптей боп
Жіңішкеріп кеткені,
Жіңішкеріп тұрғандардың
Күптей боп
Ісініп- кепкені...
Қайырсыз тірліктің
Ұғып тұрған нәрсесін
Ұқпай қалғаны.
Ішке тартқан демімнің
Шықпай қалғаны...
Дүние бір сәттік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері