Кісәпірдің сөзі – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Кісәпірдің сөзі» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 503
Құлқыны —
Қырық құлаш шыңырау,
Араны —
Алпыс кез апан
Тойымсыз бір адам
“Елді тонағандардың
Желкесі қырқылсын” деді.
“Таза жүрейік,
Таза тұрайық,
Еліміз құлпырсын” деді.
Сол сөзді тыңдап
Біреулердің —
Есі шықты.
Біреулердің —
Есі кірді.
Ал маған
Сол бір сөз
Үлкен дәретте отырып
Бұралақтап нан жейтін
Қомағай адамның
Тазалық туралы
Айтқан сөзіндей есітілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері