Қиындыққа деп жүргем жоқ бой берем – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қиындыққа деп жүргем жоқ бой берем» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 707
Қиындыққа деп жүргем жоқ бой берем,
Тұншықтыра қамаса да ой терең.
Қос қанатым алып өтер – ән-жырым,
Сендер, сірә, болмасаңдар қайтер ем!
Сен сыпырып ақ кебінің күйректің,
Өр кеудемді ылғи алға сүйреппін.
Өткелінен өмірдің сан өткізіп,
Мен күрсінсем, сен күлуді үйреттің.
Жабырқасам, тек сендерге шағынам,
Тек сендерге жарыламын ағынан.
Екі қолым, ар-намысым, ән-жырым,
Бұл өмірде тек сендерге табынам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері