Шаштым, төгілдім, шайқалдым – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Шаштым, төгілдім, шайқалдым» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1246
Шаштым, төгілдім, шайқалдым,
Жастық буы бар «сайтанның»
Уын ұрттадым, уыт қайтардым.
Буы биледі, уын ұрттадым
Шаштым, төгілдім, шайқалдым.
Шаштым, төгілдім, шайқалдым,
Аштым өзімді, айқардым.
Көңіл мәселін мың-сан қайтардым,
Өмір есебін шештім деп қалай айтармын?
Басып қамшымды, барыммен байқалдым.
Кімде жоқ дейсің өксік-өкініш,
Мүмкін кейіндеу бармақ тістермін,
Мүмкін мен дағы басты шайқармын.
Шаштым, төгілдім, шайқалдым,
«Өмір сүрдім!» деп айтармын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері