Қаракөз (5 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қаракөз (5 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1992
Қаракөз, ауылың алыс, жерің шалғай,
Мен жүрмін дидарыңа бір қана алмай.
Ой толқып, жүрек лебі құйқылжыды-ау,
Қосылар күн болар ма, ақ дариға-ай.

Қайырмасы:
Қаракөз отыр гүл жайнап,
Қамар белбеу бір байлап.
Шіркін, еске түскенде,
Кетеді ішім зыр қайнап.
Ахау, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Құшақтап,
Енді көрсем, жібермеймін.

Қаракөз ұядағы ақ балапан,
Сағынып Қаракөзді ойға батам.
Ауылын Қаракөздің көрген болсаң,
Берейін сүйіншіге ат пен шапан.

Қайырмасы:
Қаракөз, отыр мөлдіреп,
Екі беті үлбіреп.
Жібек шәлі мойнында,
Төңірегі желбіреп.
Ахау, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Құшақтап,
Енді көрсем, жібермеймін.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері