Әсте де мен демеуші ем – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әсте де мен демеуші ем» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 735
Әсте де мен демеуші ем,
Бойыма тең демеуші ем.
Ешкімге сен демеуші ем,
Тентекке ол ем демеуші ем.
Бұл үшін «ынжық» десті,
Мықтылар найзаға көшті...
«Көп қуса, қорқақ та батыр»,
«Ынжық» та жимасын ба есті.
Бір кезде «жігерсіз шіркін»
«Жүгенсіз» боп шықты бір күн.
Өмір-ай десейші, досым,
Осыған келеді күлкім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері