Бұл бетте «Қош, қос қыран!» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұзбалақ, алтын топшы қос қыраным,
Айрылып қапылыста қайғыландым.
Булығып, жас жүрегім қапаланып,
Қазасы қажытады бауырлардың.
Сендер ең ардагерім, ақ иығым,
Меңгерген батырлар ең көктің сырын.
Советтік жаңа заман ұшқыштары,
Жас түлек, ақ сұңқарым, қырандарым.
Мезгілсіз қинайды өлім жасты жалын,
Бірге еді сендерменен менің жаным.
Жарыққа аттанғанда ертеңгі күн —
Полина, Анатолий болар әнім.
Қос қыран, қос геройым, қош болыңдар,
Жүректе сақталарсың миллион жылдар.
Тарихта шұғыла шашқан алтын нұрлы,
Жазылған өмірі өшпес аттарың бар.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі