Алтын бұлақ

Бұл бетте «Алтын бұлақ» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2264
Суы бал, түрі көркем алтын бұлақ,
Көгі күн, негізі өмір жанған шырақ.
Кіршіксіз кристалдай сыры терең,
Өмірдің кілтін соққан астам шындап.
Миллионды алтын бұлақ сусындатқан,
Миллионды. шынықтырған, ол жаңартқан
Миллионды шат тұрмысқа кенелдіріп,
Бал бұлақ, балбыраған, бал боп аққан.
Күміс ай, алтын күннің көркі сонда,
Асқан күш, арда ерлердің серті сонда.
Жеңімпаз алға ұмтылған адамзаттың,
Азаттық, алып күші, еркі сонда.
Алтын бұлақ Ленинизм бұлағы ол,
Сәулетті, сәнді өмірге ашқан сол жол.
Сол бұлақтан сусындап халқым менің,
Күннен асып Марсқа созып тұр қол.
Нұр жауды сол бұлаққа Кремльден,
Қас батыр, тау қыраны данышпаннан,
Елімнің еш өшпейтін тарихына,
Ғылыми қосылды еңбек алтын сөзбен.
Халықтың махаббаты сонда парлап,
Құйылды Кремльге тым тасқындап.
Қазақтың қара көзді жас баласы,
Үнімді мен де қостым көсемге арнап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын бұлақ өлеңінің авторы кім?

Баубек Бұлқышев — осы өлеңнің авторы.

Алтын бұлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын бұлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баубек Бұлқышев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын бұлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері