Көсем сөзін тыңдаймыз – Баубек Бұлқышев

Бұл бетте «Көсем сөзін тыңдаймыз» атты Баубек Бұлқышев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1413
Аға! Аға! Алақай!
Бабам менің сөйледі,
Деп қуанар Фәридім
Әндетеді, билейді.
- Пионермін, аға, мен,
Бабам менің — партия
Оның сөзі маған бал,
Сүйген оны шын жаным.
Еркелер келіп бал бөбек
Оралады мойныма.
Шаттанып жас жүрегі.
Жүзі күндей нұрлана.
Құмармын өте мен – дағы
Лебізін көсем етуге.
Бірге отырып тыңдаймыз,
Сәулетайым біз үйде.
Не тартасың, бауырым, сен
Халқым сүйген съезге.
Тартайық тарту тамаша,
Шеберлікпен біздер де.
- Аға, міне съезге,
Деп,түрлентіп кесте ойған
Көрсетті көсем суретін,
Тартуым деп қол қойған.
Фәридім менің пионер,
Мен комсомол ағамын,
Электрлі алтын бу
Өлеңмен тарту тартамын.
Қосылып екі туысқан
Тартамыз тарту съезге!
Тыңдаймыз сөзін көсемнің,
Тыңдаймыз үнін, біз үйде.

8 март, 1939


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері