Хатынь қасіреті

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1502
Түрлері жендеттердің қандай сұсты,
Селоға бей – жай жатқан қаптай түсті
Тірілей тұрғындарын өртеу үшін,
Сарайға итермелеп арпалысты.
Дәрменсіз әйел,бала қайда бармақ,
Қойғасын зорлықпенен қойдай қамап.
Еңіреп көздің жасын ағытқанда
Теңселіп, тебіренді ауыл – аймақ.
Кимелеп бір – біріне тығылысқан,
Жүздерін көре тұра үрей ұшқан.
Аямай сабан шөпке от қойғаны
Қатыгез қанға құмар залым дұшпан.
Лапылдап жанған отты тамашалап,
Тұрғаны өздеріне жарасады – ақ.
Бір күнде мыңнан аса шаңырақты,
Жоқ қылып, жер анаға жара салмақ.
Басталды жан түршігер тағдыр лаңы,
Өксіген дауыс құлақ тұндырады.
Төбеде сықырлаған ажал оттың,
Шоғынан үркіп бәрі шыңғырады.
Ойнақтап, қызыл тілі жалақтаған,
Жалын от ешкімді де жолатпаған.
Шатырмен домаланып жерге түсті,
Залымдық осылайша аяқталған.
Кенеттен ұшырамай зәл – залаға,
Еңбектеп, жаутаңдаған кең далаға
Қақпадан бас терісі шала күйген,
Дұшпанның көзі түсті бір балаға.
Кезеңді мылтығын ол сұр жыландай,
Сұмдықты кім көріпті, сірә, мұндай?!
Сұрады анасы мен қарындасын,
Соңғы рет, тікесінен тұра да алмай.
Кетті өліп, қаншама жан босқа бекер,
Қасірет олар шеккен бізге жетер.
Бәрін де,тебіреніп Тарих – Ана,
Ұрпаққа ойлансын деп,айтып өтер.
Мәңгілік ату үшін күліп таңдар.
Сұм соғыс ауыздығын құлыптаңдар.
Хатынның күңіренген зар дауысын,
Адамзат! Ұмытпаңдар! Ұмытпаңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хатынь қасіреті өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Хатынь қасіреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Хатынь қасіреті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хатынь қасіреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері