Өлең, жыр, ақындар

Аттила (Еділ)

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3215
Талайдың тәж тақытын ойран еткен,
Әлемде теңдесі жоқ айбыны өктем.
Өр Ғұндар cан тайпаның басын қосып,
Өшпес даңқ қайталанбас ерліктермен.
Көк бөрі, Сақ патшаның жолын сақтап,
Бірлікпен көш бастаған көрікті елмен,
Оятып қалғып жатқан кең ғаламды,
Тәңірім төккен нұрдан құрған желкен!
Әкесі Мыңжұқ тектес болған батыл.
Ағасы Оқтарменен жаны жарқын.
Борышын ақтау үшін ел алдында,
Жалғаған сол жолдарды Аттил батыр.
Даңқты ер даналығы болса дағы,
Әрдайым көппен құрған кеңес ақыл.
Ұрпаққа сәуле төгер тылсым күшпен.
Ізінде ғасырлардың үні жатыр.
Сыйынып адалдықпен бір Тәңірге,
Ата-жұрт қастерлеген заңды біле.
Айрылмай ақиқат пен дін жолынан,
Туған ел кең құшағын бөлеп гүлге.
Нық сақтап әдеп ғұрпын өнегемен,
Қарасып әлсіздерге кәрілерге.
Ешкімнің ар- намысын таптаттырмай,
Ел қамын алға қойған барлық жерде!
Халықтың қазынасы қызықтырған,
Жол бермей арсыздарға ұрлық қылған.
Ұран қып әділдікті адалдықты,
Құрмастан сауық сайран,желік думан,
Нәр алып имандықтан, адалдықтан,
Әрдайым аулақ болған адамға жат,
Пенделік жат қылықты былықтардан.
Қастерлеп халқы ізгілік қасиетін,
Ол үшін жан беруге әзір тұрған.!
Халқына қорған болған әрқашанда,
Осындай ұлы көсем арқасында.
Тұлпарлар тұяғымен дабыл қағып,
Жауының қарсы келген шаңын қағып,
Ерліктің еркін шығып қырқасына,
Көк бөрлі туып тігіп қақпасына.
Самсаған жарық төккен жұлдыздардай,
Кірді олар Европа ортасына.
Түркінің мәңгілікке атын жазып,
Қылыштың ұшыменен әр тасына!
Жандасты жағаласты қас дұшпаны,
Жеңіліп өлім жұтты алысқаны.
Бой бермей өр рухты өжеттікпен,
Түріктің жау жүректі арыстары.
Тас қамал бөгеттерді жарып өтіп,
Екпінмен елестетіп тасқындарды.
Сумаңдап кеуде керген патшалардың,
Мыңдаған қалаларын басып алды.
Сілкінтіп таңдандырып ғасырларды.
Рейн мен Византия жазығында,
Талайдың домаланған басы қалды!
Сәулесін жан жағына шашқандай күн,
Ол құрды ұлы Ғұндар патшалығын.
Ерліктің шыңдарында шырақ жағып,
Түріктің аспандатып асқақ жырын.
Әмірші бола білді мір оғындай,
Халқының көтере алып артқан жүгін.
Жақтасып қарапайым жандарға адал,
Жоғалтпай әділ үкім, сенім гүлін!
Әлемге жеткізуге шығыс таңын,
Шыңынан асып өтіп Альпі таудың.
От шашып көкте ойнаған нажағайдай,
Бәлсініп кектендірген қуды жауын.
Жеңілген өкініштің уын ішер,
Тәңірден безгендердің құны мәлім.
Өткеннен сыр шертеді балбалалар,
Қайтемін көп қазбалап арғы жағын!
Франция, Қиыр шығыс,Амур көлмен,
Иранмен,Кавказ,Тибет,Қытай өрген.
Италияң Римдегі патша ағзамдар,
Алдында салық төлеп басын иген.
Алтын мен күмісінен сыйлық тартып,
Аруын қоса беріп қолын сүйген.
Сескенген қолындағы ақ алмастан,
Кектенсе қанын төгіп өлік үйген.!
Осы бір қолбасшыға жауға сұсты,
Жанында әскері бар жойқын күшті.
Ешбірі қарсы келіп сөз айта алмай,
Өкініп қызғаныштың уын ішті.
Маймылдай жорғалады тойын жасап,
Қайтерсің ездік деген аянышты.
Үрікті ҒҰН королі атағынан,
Ғаламға жасай білген сілкіністі!
Төндірер жауыздыққа қауіп үрей,
Тартқызып достарына сырнай керней.
Қобыздың елжіретер сазыменен,
Сезіммен жүректерге құлаш сермей.
Аруға ақ жаулықты сыйға тартып,
Түркінің қызу қанды биін билей,
Қыпшақтың көркем сазды әнін салып,
Дауысы шалықтаған көкке өрлей.
Үн қосқан аққуларға қалықтаған,
Жыр төккен жыраулары күміс көмей!
Ғажап ғой ата салттың өнегесі,
Адаспас қасиетін білген кісі.
Анаңның мұнда кие ақ сүті бар,
Бабаңның сонда жүрек тербелісі.
Тыңдасаң елжірерсің еміреніп,
Бойыңа жиналғандай қуат күші.
Жау жығар өршіл рух иеленген,
Ұмытпас көкжалдығын көк бөрісі.
Шығармас дем біткенше уысынан,
Ол үшін қаншама ерлер жан берісті!
Ал күйі күмбірлеген тіптен бөлек,
Жаныңды жадыратар жырға бөлеп.
Тарихын нар халқыңның айтып берер,
Абыздай күмбір қағып өзі сөйлеп.
Тербетер жүрек қылын кеудеңдегі,
Ой салып сезіміңді еркін билеп.
Елестер көз алдыңа батыр бабаң,
Жаралған жырға лайық тіптен ерек.
Жетелер асқақ сезім армандарға,
Келер күн болашаққа құлаш сермеп.!
Мұхиттың жасыл орман аралдары,
Сілкінтіп оятқандай Ғұндар әні.
Алдында ерке қыздай құшақ ашқан,
Жарқ етіп, жарық төгіп жанарлары.
Қаны ойнап буырқанған асқақ үнді,
Ақындар олар жәйлі жазар әлі.
Арулар бұрымына оратылып,
Сезімнің жалынына жан балқытып,
Қаншама жауынгер ер онда қалды.?
Біздерге бабалардың даңқы қымбат,
Ұмытсаң әруақ сөзсіз жазалары.!
Өр даңқын асқақтатқан көрікті елдің,
Қалайша жырламассың ерліктерін.
Үн қатар Түріктерім бақыт құшқан,
Қастерлеп қорған қылған бірліктерін.
Өткен ғой небір дана терең ойшыл,
Өзіндей алды болжар көріпкелдің.
Қашанда шын жүйрікке кедергі жоқ,
Ел үшін жалау қылған жүректерін!
Алаулап жалын оттай жалындаған,
Әділ де батыр болған менің бабам.
Тағдыры қыспаққа алып сынаса да,
Жаманға күн түсіріп жалынбаған.
Еліне көз алартып басынса жау,
Әрдайым ерлігінен жаңылмаған.
Достықпен келгендерге мейір төгіп,
Төріне туысындай қабылдаған.
Өмірде кім сүрінбес қателесіп,
Онысын мойнына алса жазғырмаған.
Бас болған ұлы көсем Түркі еліне,
Біткен соң жол сапары жер бетінде.
Көз жұмған асау Дунай жағасында,
Қалдырып аманатын кейінгіге.
Күнде оның өр дауысын қайталайды.
Толқындар аласұрған төңкеріле.
Айтары ұлттық сана, елдік, ерлік,
Ұғынсаң ой тізгінін бос жіберме!
Кең әлем ерліктерін қылған аңыз,
Біз оның келер толқын ұрпағымыз.
Жігітке намысы мен ары қымбат,
Бабаға тартпай өссек кім боламыз?!
Күн кешпе өлсең дағы тізе бүгіп,
Түсінсең уақыт қысқа, өмір жалғыз.
Асық сен ерліктерді жасау үшін,
Ақталсын мойныңдағы борыш, парыз!
Атағы аңыз болып жерді жарып,
Ізгілік көшін өрген төгіп жарық.
Қыпшақтар жоғалуы мүмкін емес,
Қойса да ұлылығын бүркеп жауып.
Ерлікпен көтер басты бауырласым,
Бармыз-деп,дүниеге дауыс салып.
Қуансын Түркі тектес барша халық!
Еркіндік сүйген елің көрсе қорлық,
Хақың жоқ бас бұғуға ынжық болып.
Езілсең сары уайымға саз балшықтай,
Аждаһа бар қаныңды алар сорып.
Қажетпе ерлік іздеп шық майданға,
Аттила бабаңа ұқсап елді қорып.
Бас бағып жата берсең жау алады,
Қарғадай қарқылдаумен басқа қонып.
Тұрыңдар Түрік тектес қандастарым,
Күтіп тұр бірлік атты алда жорық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтен батыр үні

  • 0
  • 0

Еске алып ерлік даңқын мәңгі тозбас,
Бабасын қадірлеген ұрпақ азбас.
Кел балам ерлігімнен сыр шертейін,
Жаныңа қуат беріп болсын жолдас.

Толық

Бегалы ата үні

  • 0
  • 0

Құламаған екен ғой шаңырағым,
Кел,кел бері жақында шамшырағым.
Менен туған Сейсекен ұлымын деп,
Тебіреніп жеттіңбе жапырағым?

Толық

Абат байтақ

  • 0
  • 0

Небір дүлей дауылдарға бас имей,
Ғасырлардан еркін жүзген кемедей.
Атына сай асқақтап жел өтінде,
Кең далама керілген ақ желкендей.

Толық

Қарап көріңіз