Өлең, жыр, ақындар

Бейбарыс

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5353
Туған елден жатқаныңмен тым алыс,
Өзің жәйлі тоқтамаған ой ағыс.
Кең әлемге Қыпшақ атын шығарған,
Египетте сұлтан болған Бейбарыс.
Озбырларға жіберместен есеңді,
Жамау үшін өз нәсібең кесеңді,
Қайсарлықпен үзіп құлдық кісенді.
Жетімдіктен қара мұзды кешсеңде,
Жыға білдің жоқтық атты кеселді.
Өзге елде болғанменен тұрағың,
Боз жусанын төріңе іліп даламның.
Тұмар қылып топырағын бір уыс,
Исін жұттың ел қорғаған бабаңның.
Еске түсіп әлдилеген өз елің,
Өртенгенде сағыныштан өзегің.
Көкелеген дауыс жетіп құлаққа,
Мұң шеріңді ақ маржанмен жүздірдің.
Бес жасыңда кімдер сатты құлдыққа,
Таспа тілген тағдырыңды сезген кім?!
Желдей айдап мекен қылып тұраққа,
Жүргеннен соң дәм бұйырып жырақта,
Сездірместен жан азабын ешкімге.
Намысыңды армен байлап қанатқа.
Мұқалмастан қайсар қайрат жігерің,
Төзе біліп өмір күрес сынақта.
Ерлігіңмен елдің жүгін көтеріп,
Айналғансың алаулаған шыраққа!
Айнымастан берік ұстап антыңды,
Құл болмасқа қорғай біліп халқыңды.
Еркін күшпен жасай білдің мол жасақ,
Әділдіктен жоғалтпастан парқыңды.
Ел күйзелтіп жанын улап есеппен,
Жемқорлығын асыра алған есектен.
Арсыздарды ар сотымен бұғаулап,
Тұрғызбадың кәпірленген төсектен.
Елдік құрдың еркіндікті ту қылып,
Ізгі ісіңнен рақат тапты жұртшылық.
Кең әлемге дана Сұлтан атандың,
Ізгіліктен шуақ төгіп құт іліп.
Келер ұрпақ сусындауға білімнен,
Ғалымдарға орын беріп төріңнен.
Қастерледің қасиетті Құранды,
Жатқа соғып имандықтың өрінен!
Сағынғанда туған елді хат жаздың,
Берке ханға ұлы Түркі тілімен.
Пейіш деген құшағы ғой даламның,
Арман барма сонда туып көмілген.
Мұңды ойыңды өзегіңді өртеген,
Іштен оқып ол уақытта кім білген.
Тағдырымыз жазулы ғой Тәңірден!
Иманыңмен ақылыңды жоғалтпай ,
Үлесіңді ала білдің өмірден.
Шаңнан аршып құлап түскен жұлдызды,
Жылатпадың жетім жесір жалғызды.
Жомартығың мың бір түнге айналып,
Таңдандырып тебірентті шың құзды!
Қайтара алар небір апат зәр уын,
Қыпшақ тілі болды басты қаруың.
Содан іздеп бақыт бастау бұлағын,
Ән мен күйі өзі дедің таң нұрдың!
Бесігінде тербетілген ғаламның,
Әнмен күйі өз сазы ғой даламның
Мұнда анамның бесік жыры әлдиі,
Мұнда үні ел қорғаған бабамның!
Дәстүр салтым ақ жолы ғой әдептің,
Көшіне ермей есір тобыр дүрмектің.
Жұрт таңданған Пирамида ұшына,
Он қанатты киіз үйді сен тіктің!
Күмбірлетіп күй төккізіп күйшіге,
Жарасының емін іздеп жүректің!
Риза боп құлшылық қып Құдайға,
Ойлар қосып қиял жүйрік құмайға.
Ар намыстың адалдығын сақтадың,
Қанағаттың дәнін салып таңдайға.
Қарапайым болдың халық ұлындай,
Жолатпастан менмендікті маңайға!..
Тағдыр сырын пенде білмес жасырын,
Тереңінен ұғынуға бас ұрдың.
Сен аштырып соркафатын патшаның,
Тілдескенсің өзіменен ғасырдың!
Оны көріп ойдың кешіп орманын,
Әділ сөздің соқтың алтын қамалын.
Айтпай кетсең сөз атасы өледі,
Жетпес еді-ау келер күне мынау үн!
«Патша болсаң ел алдында адал бол,
Әділдіктің күте біліп шынарын.
Ізгіліктің жүздіре алып кемесін,
Санаса біл қорғап ұлттық мүдесін.
Халық -тірек, мезгіл- айна қашанда,
Ал айырылсаң айтшы саған кім ерсін?
Тойымсыздық сорын сонда білерсің,
Ел кешірмес сұрқиялық күнәңды,
Өз-өзіңді тірілей-ақ көмерсің.
Әлем болып абыройдан айрылып,
Көз жұмғанша өкінішпен жүрерсің.»
Қапталарсың қарғыспенен көріңде,
Қабыл алмас қара жерде пендесін.
Білетіндей сұмдығыңның термесін.
Ұрпағыңа кесел келер ғасырлық,
Ор жыландай күнде қазып іргесін.
Мұның бәрі келер күнге сабақ ғой,
Шыңдап ашар ақыл оймен өресін.
Жер бетінде өлмейтұғын жоқ адам,
Талай келіп,талай кетіп жоғалған.
Бір-ақ уыс топырақ ғой құнымыз
Бағы жанар адаспаған Алладан,
Бақытымыз- әдеппенен иманнан.!
Сен қорғадың мұсылмандық дінімді,
Крес таққан тым қатыгез жаулардан.
Аңыз болып әрбір басқан қадамың,
Тағылыққа найза болып қадалдың.
Кең әлемді жаулап алған Шыңғысқан,
Саған қарап ата алмады садағын.!
Өзіңе ерген қыпшақтарың болаттай,
Тұрды оны Египетке жолатпай.
Қалың бұлттай қанға құмар әскерін,
Мысын басып, илеп тастап тулақтай.
О,Бейбарыс! Ешкім төстеп жеңбеген,
Әулиенің әулиесі сен деген.
Сан ғасырлар өтсе дағы ерлікпен,
Ұран салған жеңіс атты мінбеден!
Қыпшақ атын мақтан қылып ғаламға,
Ойлар салып ұлттық таным санаға.
Қасиетіңнен өшпес мәңгі сый тартып,
Жетектейсің имандыны әлі алға.
Даналардың данасысың ақиық,
Әр ізіңнен жыр тыңдаймын мен ұйып.
Жүргендейсің туған елде жан баба,
Ұрпағыңның тамырына қан құйып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иә, Бекет!

  • 0
  • 0

Жан ата, Алты Алашым ұран қылған,
Тылсым үн кетпей қойып құлағымнан.
Отанды өзіңе ұқсап сүйе біліп,
Шықсам деп, сағыныштың құмарынан.

Толық

Ғұн патшасы Аттиланың өсиеттері

  • 0
  • 0

Ғұн ұрпағы тумысынан күрескер,
Сені күтіп алда тұр ғой ұлы істер.
Өсиетімді ақ жол тілеп айтайын,
Қабыл алсаң қашпас сенен жеңістер!

Толық

Мөңке би Тілеуұлының рухымен сырласу

  • 0
  • 0

Күнде келем ескерткішің басына,
Бір ғажайып күш барындай осында.
Сырласамын Рухыңменен үн түнсіз,
Ерік беріп ұшқыр ойлар тасқынға.

Толық

Қарап көріңіз