Қоштасу
Бұл бетте «Қоштасу» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 26.04.2015
- 1
- 11
- 35322
Әскерге әке ұлын аттандырды.
Сәт сапар тіледі жұрт, мақтан қылды
Ел ішіне сүйкімді, мақтаулы ұлды,
Жасама деп жат қылық сақтандырды
Жаңадан отау тігіп, ірге құрап,
Қалыпты жас семья гүлденіп-ақ.
...Анасы жол жабдығын әзірлеуде,
Қуанып, бірде күліп, бірде жылап.
Қоштасып ағалары, құрбылары,
Қош айтып ауыл-аймақ тұрды бәрі.
Қош бол! -деп алыс сағым бұлдырады
Естіліп бұлақтардың сыңғыр әні.
Бәрі де қоштасуда...
Бірақ бір жан,
Бата алмай қоштасуға жылап тұрған.
Жолығып жол бойында қырат-қырдан,
- Қош бол! -деп орамалын лақтырған
Болашақ солдат оны байқамады,
Қыз қылығын тағы да қайталады...
...Жасыма, махаббатың қайтар әлі
Оның да сен боларсың айтар әні.
Керемет унады
оте катты унады керемет
керемет
Мұқағали Мақатаев өте керемет ақын
Жаксы катты унады.
Өте керемет əсерлі өлең екен
өте кереметтт
Маған қатты ұнайды өте әсерлі
Мұқағали Мақатаевтың Қоштасу өлеңі әсерлі
өте керемет ұнады
Мұқағали ағамыздың «Қоштасу» өлеңін оқып отырып көзге жас келді ғой. Әскерге кетіп бара жатқан жігіттің соңынан қыздың орамал лақтырғаны, ананың аралас қуаныш-пен қоштасуы... бәрі жүрекке жетеді. Қазақ поэзиясының інжу-маржаны! Керемет таңдау, сайтқа рахмет.