Ер Қосай, ұрпақтарының әні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Ер Қосай, ұрпақтарының әні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2276
Қара дауыл қыспаққа алып қаптаған
Туған елдің от салғанда төсіне.
Жорықтары Қосай бабам бастаған,
Нар халқымның әлі мәңгі есінде.
Кімдерде бар ондай дүлей батырлық,
Қарсы тұрған ажал атты жендетке.
Дұшпандарын жер түбіне батырып,
Ерлік даңқы шарлап жеткен жер көкке.!
Ұмытамыз қалай өшпес ерлігін,
Ғасырлардың өзі берсе жыр жазып.
Өр рухынан жаңғырғандай елдігім,
Тектіліктің тамырынан гүл жарып.
Бар кеңдігі бойға сіңіп даламның,
Таңдай білген Отан үшін жолды айқын.
Ұрпағымыз біз ержүрек бабамның,
Ерлік даңқын келешекке жалғайтын!
Қорғау үшін ел ырысы бақ таңын,
Біз құштармыз білімменен, ғылымға.
Қуат беріп сенім артқан Отаным,
Жолын ашқан ерлікттердің шыңына.
Сыйға тартып маңдай тердің жемісін,
Болашаққа бабаға ұқсап салдық із.
Қайталауға Ер Қосайдың жеңісін,
Әрқашанда сын сынақта дайынбыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ер Қосай, ұрпақтарының әні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Ер Қосай, ұрпақтарының әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ер Қосай, ұрпақтарының әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ер Қосай, ұрпақтарының әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері