Нұрпейіс қазірет

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1307
Қатал тағдыр алса дағы сынаққа,
Құмарлықты ақылыңа билеттің.
Азап кешіп түссең дағы сан отқа,
Қайсарлықпен даналықты үйреттің.
Күйбең тірлік кедейлікпен етектен,
Алса дағы қиындыққа мойымай.
Тазалықты сүйе біліп жүрекпен,
Алға бастың берген серттен айнымай.
Жан көркіңнің қазынасын ойлаумен,
Мекке бардың білім іздеп шарқ ұрып.
Сен жинадың мәңгі тозбас алтын кең,
Ұрпағынды имандыққа шақырып.
Сол Меккеде көкірегіңе күн іліп,
Бастамасы бола біліп ұлы істің.
Досжан,Мырқы,Құнанбаймен бірігіп,
Қонақ үйін салдың Алаш ұлы үшін.
Оралған соң сағынышпен еліңе,
Елді жинап ақ ниетті ұранмен.
Мешіт салдың Қарабұтақ жерінде,
Қорған болар кие толы дұғамен.
Доңыздардың тимес үшін аяғы,
Былғамасқа көк орайын көгерген.
Дем біткенше қызмет қылып халыққа,
Жөн сілтедің адаспасқа Алладан,
Сөз жетерме сендей жайсан алыпқа.
Туған елге ізгілік із қалдырған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нұрпейіс қазірет өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Нұрпейіс қазірет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Нұрпейіс қазірет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нұрпейіс қазірет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері