Сан ғасырлар еркіндікке күрескен
Бұл бетте «Сан ғасырлар еркіндікке күрескен» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сан ғасырлар еркіндікке күрескен,
Қилы-қилы тағдыры бар мұң кешкен.
Менің сүйген қасиетті Отаным,
Әуел бастан ерлікпенен бірге өскен.
Азаттықтың ақ таңы үшін алысқан,
Ұрпақтары жанын қиған намыстан.
Ұмытпастан құшаққа алып күнде ол,
Ақ жауын жыр ағылтады алғыстан.
Үлгі қылып ерлік толы жолдарын,
Жүректерге өжет сазды үнімен,
Құя біліп қан қайнатар от жалын.
«Аттан»- дейді, дауысымен олардың,
Ала таңнан тебіреніп оянам,
Аманатын орындауға Отанның!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі